Футболдан 2028-2029 маусымынан бастап Ұлттар Лигасы мен Еуропа чемпионатына іріктеу өзгереді
Спорттан да бірер ақпар. 2028/2029-ғы маусымынан бастап UEFA Еуропадағы ұлттық құрамалар турнирлерінің іріктеу форматын өзгертеді. Ұлттар лигасында енді төрт емес, үш лига болады. Әр лигада алты құрамадан тұратын үш топ жасақталады. Ал Еуропа чемпионатына іріктеуде А және B дивизиондарындағы 36 команда жоғарғы лигада ойнайды. Тек топ жеңімпаздары ғана тікелей жолдама алады, қалғандары плей-оффқа қатысады. Қазіргі рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы екінші іріктеу лигасына және Ұлттар лигасының C дивизионына түседі. Бұл Қазақстанның енді Португалия, Франция немесе Бельгия секілді топ құрамалармен сирек ойнауы мүмкін екенін білдіреді. Дегенмен жаңа жүйе Қазақстанға өз деңгейіндегі қарсыластармен бәсекелесіп, плей-оффқа шығу мүмкіндігін арттыруы ықтимал. Ал 2026/2027 жылғы маусымында Қазақстан Словакия, Молдова және Фарер аралдарымен бір топта ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы