Парламент биыл 86 заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент биыл 86 заң қабылдады

29.12.2022

Биыл Парламент 86 заң қабылдады. Олардың 13-іне депутаттар бастамашы болды. Бұл туралы Сенаттың осы жылдағы қорытынды жалпы отырысында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Спикер өз сөзінде негізгі басымдықтардың бірі Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдау екенін айтты. Заң шығару кезінде әрбір құжат Сенаттың тұрақты комитеттерінде жан-жақты талқыланды. Халық пікірі ескерілді. Ата заңға, соның негізінде бірқатар конституциялық заңдар мен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Конституциялық Сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Прокуратура туралы конституциялық заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің және Үкіметтің құқықтық жағдайын белгілейтін конституциялық заңдарға да өзгерістер енгізілді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Биыл 4 үкімет сағаты ұйымдастырылды. Онда бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, өңірлерді газдандыру, тұрғын үй құрылысын дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Әріптестеріміз тұрғындармен 650-ге жуық кездесу өткізді. Сонымен қатар, биыл сенаторлар 149 депутаттық сауал жолдады.


Хабарламаларға жазылу