Астанада 36-шы республикалық орындаушылар байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 36-шы республикалық орындаушылар байқауы басталды

26.03.2015
Астанада 36-шы республикалық орындаушылар байқауы басталды

Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева басапасөз маслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын жастардың кәсіби дайындығы сынға түсіп, шын дарындылар анықталады.

Осы брифинг аяқталысымен 36-шы республикалық орындаушылар байқауының шымылдығы түрілді.

Үміткерлер «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Хорда дирижерлік ету», «Домбырамен халық әндерін орындау», «Музыка теориясы» секілді аталымдар бойынша бақтарын сынайды.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу