Алматыда А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы басталды

01.11.2017

Оған әлемнің әр қиырынан келген 200 өнерпаз қатысып, бақтарын сынап жатыр. Үміткерлер ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптармен классикалық шығармаларды орындады. Ал, өнерпаздардың музыкалық білім деңгейін бағамдап, үздіктерді анықтауға әлемге танымал тұлғалар шақырылған. Қазылар алқасы бұл байқауды жастар үшін өзара тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдайтын алаң деп бағалады. «Сондықтан, бұл болашағын өнермен байланыстырған өрендер үшін үлкен мүмкіндік» , - дейді ұйымдастырушылар. 

Владимир Пушкарев, қазылар алқасының мүшесі /Ресей/:

 - Мен жас орындаушылардың шеберлігін шыңдайтын байқаудың Мемлекет басшысы ұсынған  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатқанына тәнті болып отырмын. Расымен жастарды өнер-білімге баулу дамудың даңғыл жолы. Өйткені, елдің ұстанған бағытына қарап, оның болашағын болжауға болады.

Жалпы, өнерпаздар күрделі шығармалардың өзін жоғары деңгейде орындап жатыр. Ертең осы жеткіншектердің арасынан әлемді мойындататын музыканттардың шығатынына мен сенімдімін.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу