«Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалі қорытындыланды

16.10.2014
«Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалі қорытындыланды

Бүгін 16-шы республикалық «Жас ұлан – 2014» әскери әндер фестивалінің қорытынды кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара І Әскери-патриоттық форумға әзірлік шеңберінде ұйымдастырылды.

Фестивальде әскери әншілер, фольклорлық шығармаларды орындаушылар, вокальді-аспапты топтар өз таланттарын  ортаға салды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қатысушыларға Қазақстан композиторларының, өз шығармаларын, фольклорлық жанрдағы шығармаларды орындау ұсынылды.

Енді фестиваль лауреаттары 17 қазанда Конгресс-холлда марапатталмақ.

Айта кетейік, «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді.

Хабарламаларға жазылу