Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап көрді (Видео) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрме кешенін аралап көрді (Видео)

01.06.2017

Халықаралық шара кезінде «Нұр Әлем» павильонында шетелдіктерге Қазақстан туралы мол мағлұмат ұсынылмақ. Шар пішіндес ғимарат - көрменің басты нысаны. Елбасыға осы ғимаратта орналасқан «Болашақтың энергиясы» музейі таныстырылды. Сондай-ақ, Президент Астананың болашақ келбетін суреттейтін экспозиция мен 28 ғылыми жобаны қамтитын «Жасампаз энергия» аймағын да аралады. Ал, екі мың орындық «Конгресс-хол» орталығында қонақтарға сан салалы қызмет түрі ұсынылмақ. Мұнда ойын-сауық орталықтары мен конференция залдары орналасқан. 

Нұрсұлтан Назарбаев орталықтың «Шаңырақ», «Аспан» залдарында да болды. Бұл жерде оған көрменің ашылу рәсімі қалай өтетіні көрсетілді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу