Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесу өткізді

25.05.2022

Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесу өткізді. Тараптар саяси науқанның әділ, әрі ашық өтуін сөз етті. Халықаралық ұйымдардың миссиялары өз кезегінде алдағы референдумға әзірлік барысы мен оны өткізу кезінде өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруға дайын екендерін жеткізді. Олар дауыс беру барысында сайлауда қандай да бір кемшілік пен заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жария етуі тиіс. Сондықтан науқанға шетелдіктердің ықыласы зор.


Хабарламаларға жазылу