Қостанай облысында КВИ жұқтырғандар 2,5 есеге көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында КВИ жұқтырғандар 2,5 есеге көбейген

21.12.2022

Қостанай облысында короновирус инфекциясын жұқтырғандар 2,5 есе көбейді. Мысалы қарашада індет жұқтырған 48 адам ғана тіркелсе, желтоқсанның 20 –сына дейін олардың қатары 108-ге жеткен.

Соның ішінде 88 адамнан вирусты инфекция соңғы екі аптада табылған. Яғни бұл күн өткен сайын індеттің таралуы өршіп бара жатқанын байқатады.

Сонымен қатар тұмау да күшейіп тұр. Мысалы былтыр осындай кезде 3 адам ғана сырқаттанса, қазір 150 адам ауырып жатыр. Алайда мамандар әзірге шектеу шараларын күшейту күн тәртібінде тұрған жоқ дейді. Тек тұрғындарды мүмкіндігінше адамдар көп жиналған жерге бармай, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Гүлім Досымова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Індетті жұқтырмау үшін азаматтарды вакцина алуға шақырамыз. Облыста вакцина қоры жеткілікті. Бірақ оны ектірушілер өте аз. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жүріп, көп қимылдап бойдағы иммунитетті күшейтуге кеңес береміз.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу