Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зақым келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зақым келді

20.12.2022

Украинанның азаматтық және энергетикалық инфрақұрылымына дрондар шабуыл жасады. Ел аумағына ұшырылған осындай 35 дрон қуат нысандардың тас- талқанын шығарды.

Жалпы, Украина қарашадан бері блэкаутты бастан кешіп жатыр. Соның салдарынан елдің бар аумағында ауыз су, жарық және жылу беру қиындап тұр. Жарық пен жылудан тарыққан тұрғындар қауіпті болса да балконның өзіне генератор қоя бастаған. Генераторды Украина шет елден жаппай тасымалдап жатыр. Бұл құрылғыға қосымша құн және баж салығы алынып тасталды.


Хабарламаларға жазылу