Пентагон Украинаның дрон жасауына кедергі болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Украинаның дрон жасауына кедергі болмайды

07.12.2022

АҚШ Украинаның алыс қашықтыққа арналған қару жасауына көмектеспейді және кедергі келтірмейді. Мұны Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдеді. Дүйсенбіден бері Ресейдегі үш әскери аэродромға соққы берілді. Сол базалардан Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қазаннан бері бірнеше рет шабуыл жасалғаны белгілі. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Украина әскерінің көрші елдегі нысандарды атқылағанын қолдайтынын да атап өтті. Киев болса, мұндай соққыларға өзінің қатысы барын ресми түрде растамай отыр.

Хабарламаларға жазылу