Пентагон Украинаның дрон жасауына кедергі болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Украинаның дрон жасауына кедергі болмайды

07.12.2022

АҚШ Украинаның алыс қашықтыққа арналған қару жасауына көмектеспейді және кедергі де келтірмейді. Мұны Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді. Дүйсенбіден бері Ресейдегі үш әскери аэродромға соққы берілді. Сол базалардан Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қазаннан бері бірнеше рет шабуыл жасалған. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Украина әскерінің көрші елдегі нысандарды атқылағанын қолдамайтынын да атап өтті. Киев болса, мұндай соққыларға өзінің қатысы барын, растамай отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу