Украинада энергетикалық инфрақұрылымның 40 пайызы зақымданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада энергетикалық инфрақұрылымның 40 пайызы зақымданған

31.10.2022

Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымның қырық пайызға жуығы қатты зақымданған. Оларды жөндеп, қалпына келтіріп жатқанымен нәтиже шамалы. Елдің барлық облысында жарықтың өшуі жиіледі. Оның үстіне ауыз су да тапшы. 

 Аида Әбіл, тілші:

10 мен 21-ші қазан аралығындағы зымыран шабулынан кейін Украинаның он алты өңірінде 400-ден астам нысанға зақым келді. Оннан астам энергетикалық инфрақұрылым істен шықты. Днепропетровск, Львов, Винница, Сумск, Харьков және Киевтегі өңіріндегі жарық беру генерациялары мен желілер қатты зақымданды. Киевтің өзін жарықпен қамту қиын болып тұр. 28-і күні бір миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Электр желісіне түсетін жүктемені азайту үшін электр энергиясын әлсін әлсін өшіруге тура келді. Енді бүгін ауыз су тапшы. Бүгін түсте тұрғындардың 80 пайызы сусыз қалды. Дүкендерде су алу үшін ұзын-сонар кезек пайда болды.

Александр Полищук, Киев қаласының тұрғыны:

Киевтің орталық ауданында тұрамыз, жарық төрт тіптен алты сағатқа дейін қосылмайды. Күніне кейде екі рет жарық сөндіріледі.

 Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу