Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты үйге су беру тоқтатылды. Қазір оқиға орнында тілшіміз Дәуренбек Әбдібек жүр. Дәуренбек апаттың ауқымы қандай, қанша үй судан ажыратылған?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Павлов көшесіндегі диаметрі 200 мм болатын құбыр кеше кешке жарылған. Аққан су құдықтан асып көшеге жайылып кеткесін түнгі сағат 12-де кранның құлағы жабылды. Апаттың салдарынан Павлов, Железнодорожный, Чехов көшелеріндегі сегіз көпқабатты үй мен бірнеше жер үй судан ажыратылды. Қазір жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Апат салдарын жоюға 6 адам мен 4 техникасы бар бригада кірісті. Қазір, міне, жер қыртысын арнайы техника қазып жатыр. Жауапты мамандар кешкі сағат 9-10-ға дейін тесілген құбырды жамап, үйлерге су беруді қалпына келтіреміз деп отыр.
Дәуренбек Әбдібек