Павлодарда жылу желісінен шыққан ақау жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жылу желісінен шыққан ақау жөнделді

20.12.2022

Павлодарда жылу желісінен шыққан ақау жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 і күні жылу магистралі бойынан құбыр жарылып, бес көпқабатты үй мен 58 жеке тұрғын үй жылудан ажыратылған болатын. «Павлодар жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу камерасындағы суды сорып алған. Ақауды іле анықтаған мамандар кеше күні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазір тұрғын үйлерге жылу берілді.

Хабарламаларға жазылу