Жезқазғанда қазандықтардағы ақау әлі жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда қазандықтардағы ақау әлі жөнделіп жатыр

20.12.2023

Жезқазған жылу электр орталығында істен шыққан қазандықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ҮШ қазандық бірдей істен шыққан. Әуелі су үнемдегішіндегі ақауға байланысты нөмірі 4-ші қазандықты тоқтатуға тура келіпті. Араға уақыт салып, тағы бір қазандықта сызат пайда болған. Енді бірінің, түтін тартқыш қозғалтқышы істен шыққан. Салдарынан қалаға жылу 2-ші қазандық арқылы берілген. Сол себепті үйлерге жіберілген жылудың нормасы қалыпты деңгейден 10 градусқа төмендеп кеткен. Кеше кешке төртінші және алтыншы қазандықтардағы ақау жөнделді. Енді бүгін бесінші қазандық іске қосылады, - дейді қала әкімі Қайрат Шайжанов.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу