Сарапшы пікірі: Елде кәсіпкерлікті дамытып, қолдау жасауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы пікірі: Елде кәсіпкерлікті дамытып, қолдау жасауымыз керек

18.12.2022
Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Әлемдік практиканы қарайтын болсақ кез-келген шешімнің артында мемлекеттік ұйым емес, нақты адам тұруы керек. Өкінішке орай, бізде қандай деңгейдегі мемлекеттік орган болсын жауапкершілік мәселесіне келген кезде бір-біріне қағазды айырбастау, сілтеумен айналысады. Менің ойымша, алдағы уақытта бұл жауапкершілік мәселесі нақты рейтинг ретінде көрсетілуі керек.
Рамазан Саттарұлы, әлеуметтанушы:
Әлі күнге дейін біз сол совет дәуірінен қалған, мынау өтпелі кезеңде соның жалғасы болған нақты бір өзіндік бірегей ұлттық менеджментті әлі қалыптастыра алмадық. Сондықтан біз шенеуніктерден жауапкершілік талап ететін болсақ оның тағайындалуында сайлау арқылыжүзеге асыру қажет пе деп ойлаймын. 

Инфляция деңгейі

Ләззат Жанмолдаева, экономист:
Біз қанша дегенмен сырттан келетін өнімдерге тәуелді елміз. Логистика. Бұрын сырттан келіп тұрған бүкіл қалыптасқан жолдарымыздың бәрі жабылды. Сондықтан, жаңа жолдарды тапқанша біраз уақыт кетеді, ол қымбатқа шығуы мүмкін. Ең бастысы, еліміздің ішінде өзіміздің кәсіпкерлікті дамытып, соған қолдау жасауымыз керек. Яғни, бизнес деген экономиканың қозғаушы күші ғой.
Бауыржан Исабеков, экономист:
Біздің мемлекеттің тікелей әсер ететін жағдай тетіктері жоқ. Сондықтан, алғашқы қадамдардың бірі елдің ауқаттылығын өсіру керек. Яғни, отандық өнімдерге сұраныс пайда болуы керек. Өте көп үлкен ресурстарды қажет ететін шара. Бірақ, жалғыз дұрыс жолы осы. Яғни, материалдық өндірісті Қазақстанда қолға алмай, осындай циклдық дағдарыстарға түсе беретін боламыз.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу