Елімізде әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу жағы жақсарып келеді
Қазақстанды Орталық Азияның академиялық хабына айналдыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Соның жарқын дәлелі – Coventry University сынды әлемдік деңгейдегі университеттердің елімізге келуі. Британдық білімнің үздік тәжірибесін ұсынатын оқу орны қазақстандық жастарға халықаралық дипломды елден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беріп отыр.
Британдық диплом. Халықаралық мүмкіндік. Жаһандық болашақ. 180 жылдық тарихы бар әлемдік деңгейдегі британдық
Coventry университеті қазақстандық жастарға халықаралық деңгейде білім алуға
мүмкіндік беріп отыр. Астанадағы филиалының ашылғанына екі жылға жуықтады.
Мұнда студент бірден университетке қабылданбайды. Бір жыл дайындықтан өтеді. Ал студенттердің білім
алу форматы өзгеше. Халықаралық сарапшылармен
тікелей жұмыс істеп, жобаларына қатысып, шетелдік компанияларда бірінші курстан
бастап тәжірибеден өтеді. Дәрістерді әлемнің әр түкпірінен келген білікті
оқытушылар жүргізеді.
Саймон Этертон, Coventry
University Kazakhstan дайындық
факультетінің жетекшісі, академиялық директор:
Университеттің басты артықшылықтарының бірі – халықаралық оқытушылар құрамы. Олар Астанада тұрып, жұмыс істейді және студенттерге толық қолдау көрсетеді. Coventry университеті түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мән береді. Оқу барысында студенттер халықаралық компанияларда үш рет тәжірибеден өтеді. Қазірдің өзінде бірінші курс студенттерінің кейбірі тәжірибе барысында жұмысқа шақыру алған. Британдық білім берудің арқасында студенттер сыни ойлау, өз бетінше шешім қабылдау және мәселені шешу дағдыларына ие болады. Бұл – жұмыс берушілер ең алдымен іздейтін қасиеттер.
Coventry университеті QS Stars халықаралық рейтингінде 5 жұлдызға ие. Білім
шаңырағы білім сапасы, инновация және
интернационалдандыру көрсеткіштері бойынша жоғары бағаланған. Оқу орны
Ұлыбританияда шетелдік студенттер саны бойынша алғашқы үштікке кіреді. Университеттің
ғылыми зерттеулерінің 70 пайызы халықаралық деңгейде жоғары бағаланған.
Патриша Эшман, Coventry
University Kazakhstan Алматы
кампусының басшысы:
Біздің университет Қазақстанда екінші кампусын ашып жатқан жалғыз шетелдік оқу орны. Астанадағы табысты тәжірибемізден кейін енді Алматы қаласында да британдық білім берудің жоғары стандарттарын қолжетімді етіп отырмыз. Біздің оқытудың сапасы Ұлыбританияда ең жоғары бағаланған – TEF Gold мәртебесіне ие. Жаңа кампустың ашылуымен біз жасанды интеллект, робототехника, инженерия, бизнес және халықаралық қатынастар салаларындағы ең заманауи бағдарламаларды ұсынамыз.
Британдық Coventry университетінің Қазақстаннан бөлек Қытай, Египет, Марокко,
Польша сынды елдерде де филиалы бар. Яғни қазақстандық студенттер осы елдердегі
филиалдарға барып, тәжірибе алмаса алады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жобалар Қазақстанның халықаралық білім
беру кеңістігіндегі орнын нығайтып, елдің зияткерлік әлеуетін арттыруда.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Курчатовтықтар Ертіс жағасын тазалады
10.06.2026, 17:33
Халықаралық E-LIGHT 2026 жастар форумы басталды
10.06.2026, 17:30
Кітап оқуды дәріптеген байқау мәреге жетті
10.06.2026, 17:27
«Конституционализм және цифрлық құқық» ғылыми-зерттеу институты құрылады
10.06.2026, 17:22
Сот академиясы магистратура мен докторантураға қабылдауды бастады
10.06.2026, 17:20
Мектеп оқулықтарын кезең-кезеңмен жаңартады
10.06.2026, 17:17
Жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық жарияланады
10.06.2026, 17:15
Күннен электр қуатын алу – уақыт талабы
10.06.2026, 17:13