Халықаралық E-LIGHT 2026 жастар форумы басталды
Астанада халықаралық E-LIGHT 2026 жастар форумы өтіп жатыр. Фестиваль Қазақстан, Қытай және Жібек жолы бойындағы мемлекеттер арасындағы кәсіби әрі мәдени байланысты нығайтып, болашақтағы бірлескен жобаларға жол ашуға бағытталған. Оған энергетика саласының өкілдері, дипломаттар, сарапшылар, ғалымдар мен жас мамандар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі Жібек жолы тек көлік пен сауда бағыты ғана емес, мемлекеттер арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып келеді. Басқосуда энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру, инновация, кадр даярлау және халықаралық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Форумның басты ерекшелігі 7 елдің жастары бір алаңда бірігіп отыр.
Абылай Санат, «CNPC Ақтөбе мұнайгаз» компаниясының күрделі құрылыс инженері:
Мында қытай аспаптарымен, өзіміздің домбырамызбен күй тартылып, ән шырқалады. Жалпы бұл бір біріміздің мәдениетімізбен жақынырақ танысу мақсатында ұйымдастырылған форум. Жастарымызбен өзімізді тығыз байланыстыру. Мұнай, сауда сияқты салаларда достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұйымдастырушылар әр мекемеден шақырылған. Әсіресе мұнай саласынан көп жас маман келді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24