«Конституционализм және цифрлық құқық» ғылыми-зерттеу институты құрылады
Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде «Конституционализм және цифрлық құқық» ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бүгін белгілі ғалымдар, заңгерлер мен білім беру саласының мамандары бас қосып, жаңа институттың мақсат-міндеттерін талқылады. Ғылыми-зерттеу институты заңдар қабылданбай тұрып олардың шикі тұстарын анықтап, шетелдің ең үздік заң ережелеріне сүйене отырып, Конституциялық сотқа маңызды шешімдер қабылдау үшін тәуелсіз ғылыми кеңестер береді. Сондай-ақ жасанды интеллектіні бақылауда ұстауға және халықтың құқықтық сауатын арттыруға көмектеседі. Басқосуда сондай-ақ жаңарған Конституцияның ерекшеліктері, мемлекеттік жүйені дамыту және интернет кеңістігінде адам құқығын қорғау мәселелері сөз болды.
Ермек Әбдірасулов, заң ғылымдарының докторы,
профессор:
Құқықтық-азаматтық қоғамның қандай ұсыныстары болады, қалай шешу керек, ол сотта батыл емес, былай жасаңыздар, былай жааңыздар деп айтпайды. Бірақ өзінің көзқарасын көрсетеді. Ол көп батыс елдерінде бар. Сол институттарды қалай енгізу керек, сонымен де осы жаңа институт айналысады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтайдың Ресей жағында қазақ мәдениеті дәріптелді
13.10.2026, 17:30
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
«Таза Қазақстан» road-эстафетасы басталды
13.10.2026, 17:27
Жетісу облысының жастары бүгін 35 түп ағаш екті
13.10.2026, 17:25
«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
13.10.2026, 17:24
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18