«Мұқағали» фильмі халықаралық байқауда топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мұқағали» фильмі халықаралық байқауда топ жарды

15.12.2022

«Мұқағали» фильмі халықаралық кинофестивальде бірден бес жүлдені жеңіп алды. Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың көркем шығармасы Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде Гран-при, үздік кинодраматург,үздік кинорежиссер, үздік оператор, үздік актер аталымдарына ие болды.

Кинокартина бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болған. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған фильм тұлғаның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Туынды Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шықты.

Болат Қалымбетов, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер:

Біздің жүлде емес, мен ойлаймын қазақ киносының жүлдесі. Бұл нені көрсетеді? Бұл қазақ киносының бүгінгі таңдағы дамуын көрсетеді. Бүкіл әлемдік киномен терезесі тең, бәйгеге түсуге шамамыз бар деген сөз. Бүгінгі таңдағы кино тілімен түсірілген фильм деп үлкен баға берді.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу