Батысқазақстандық Венера Асқарова мен Назгүл Қабиева халықаралық байқауда топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық Венера Асқарова мен Назгүл Қабиева халықаралық байқауда топ жарды

20.07.2015
Батысқазақстандық Венера Асқарова мен Назгүл Қабиева халықаралық байқауда топ жарды

Батысқазақстандық  Венера Асқарова мен Назгүл Қабиева 4-12 шілде аралығында Венгриядағы Балатон қаласында өткен «XV. Balaton-Youth-Art International Festival» байқауында бас жүлдені иеленді.  

Өнер додасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Израиль, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь Республикасы, Украина, Венгрия, Армения, Австрия, Чехия сынды әлемнің 12 елінің өкілдері қатысып, түрлі жанр бойынша өзара сынға түскен, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Дәстүрлі ән өнері аталымында Венера Асқарова  «Құмар термесін», халық әні «Балжан-айды»  орындаған. Ал, Назгүл Қабиева  Мұхиттың «Айнамкөзі» мен халық әні «Шымырды» шырқаған. 

Айта кетейік, Венера Асқарова - бұған дейін де халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған, бүгінде «Қыз Жібек» ансамблінің әншісі.

Назгүл Қабиева  - республикалық Дельфийлік ойындардың жеңімпазы, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті. 

Хабарламаларға жазылу