Дмитрий Баландин халықаралық жарыста топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Баландин халықаралық жарыста топ жарды

09.04.2018

Еліміздің атақты спортшысы Дмитрий Баландин Испанияның ашық чемпионатында топ жарды.  200 метрге брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, Дмитрий 2 минут 9 секунд нәтижесімен Испания чемпионатының рекордын жаңартып отыр. Сондай-ақ, осы додада 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуге қатысқан отандасымыз Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық сайыста біздің елдің спортшылары алдағы Азия чемпионатына дайындалуда.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу