Депутаттыққа 5 адамнан өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттыққа 5 адамнан өтініш түсті

14.12.2022

Ақтөбе облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелуге 5 адам өтініш берген. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының өкілдері айтты. Комиссия саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша іріктелген 7 мүшеден тұрады. Сенаторларды жергілікті мәслихат депутаттары дауыс беру арқылы таңдайды.

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сенат депутатығына кандидат ретінде тіркеуден өтіп, тиісті куәлік тапсырылды. Кандидатты тіркеу туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды. Ақтөбе облысынан сайланған Сенат депутатының Конституциялық өкілеттік мерзімі алдағы уақытта бітетіндігіне байланысты бір орынға Сенат депутатын сайлау өтеді.

Қостанай облысынан да Сенат депутаттығына 5 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олардың ішінде денсаулық саласының маманы, қоғамдық ұйым өкілі мен жоғары шенді мемлекеттік қызметкер де бар.

5 үміткердің үшеуі кандидат ретінде тіркелді. Қалған екеуінің құжаттары қаралып жатыр. Сенатор атануға үмітті азаматтардың орташа жасы 52-ден аспайды. 14 қаңтарда өтететін сайлауда облыс бойынша түрлі деңгейдегі 265 депутат таңдау жасайды .

Дәуренбек Әбдібек



Хабарламаларға жазылу