Алматыда тағы бір көпқабатты үй бұзылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тағы бір көпқабатты үй бұзылды

14.12.2022

Алматыда тағы бір көпқабатты үй бұзылды. Нұрлытау шағын ауданындағы нысан заңсыз деп танылды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында белгілі болды. Тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, Бостандық аудандық сотына арыз жолданған.

Сот ғимаратты сүру туралы шешім шығарғанымен нысан иесі қарсы шағым түсірді. Ақыры іс қалалық сотқа өтіп, үйді бұзу туралы шешім шықты. Айта кетейік, шаһарда жыл басынан бері заңсыз тұрғызылған 9 тұрғын үй кешені анықталды.

Әлібек Төлбасиев, Қала құрылысын бақылау басқармасының бөлім басшысы:

Наурыз айында енді бастап жатқанда айттық. Тоқтаттық, нұсқама бердік. Бірақ, құрылысты тоқтатқан жоқ. Сондықтан мәжбүрлі түрде сотқа бердік. 1 ай уақыт бердік.


Хабарламаларға жазылу