Алматыда көпқабатты үй отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты үй отқа оранды

27.09.2017

Алматыда көпқабатты «Аия» кешені отқа оранды. Райымбек даңғылы мен Гайдар көшелерінің қиылысындағы ғимаратта қонақ үй, дәмхана және оннан аса жалға берілетін пәтер орналасқан. Тілсіз жаудың салдарынан нысанның шатыры түгел жанып, үшінші қабаты ортасына түсті. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, лаулаған от күш алған кезде екі-үш рет жойқын дауыс шыққан. Бұл газ балонның жарылған дыбысы болуы мүмкін. Ал, осы ғимаратқа жапсарлас орналасқан үйлерді қосқанда 480 шаршы метр аумақты от шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінен 80 адам, 23 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен тұрғындар нысаннан бұған дейін де өрт шыққанын, дегенмен, алдын алу шарасы қарастырылмағанын айтты.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу