Орталық Азия: XXI ғасырдағы энергия көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия: XXI ғасырдағы энергия көзі

09.12.2022

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан соң Орталық Азияның әлем үшін маңызы арта түсті. Бұл - АҚШ-тағы белді сарапшылар пікірі. Себебі, аймақ мұнай мен газға бай. Сондықтан өңірге қызығушылық пен алпауыттар арасында бәсекелестік күшеймек.  

Европа осы кезге дейін өзіне қажет газдың қырық пайызын Ресейден алып келді. Алайда, Украинаға басып кіруі салдарынан бұл көрсеткіш екі есе азайды. Кәрі құрлық көп ұзамай ресейдің көгілдір отынан мүлдем бас тартпақ. Сондықтан оған балама іздеп әлемді шарлап жүр. Бұл орайда Орта Азия елдерімен тікелей байланыс орнату бастыс елдері үшін кезек күттірмес мәселеге айналды.

Себастьен Пейруз, IERES халықаралық қатынастар мектебі, орталық азия бағдарламасының зерттеушісі:

Европалық одақ қазір өзің энергетикалық қауіпсіздігіне қатты алаңдар отыр. Сондықтан одақ үшін қазіргі басты сұрақ Орталық Азия оның ішінде Қазақстан да бар қалай және қандай көлемде көмір сутегі импорттай алады деген мәселе төңірегінде болып тұр.

Осы кезге дейін Ресей Орта Азия елдеріне мейлінше ықпалын сақтап келді. Алайда, санкциялық құрсау өңірге де әсірін тигізбей қоймады. Қытай да аймақпен байланысты тереңдетуге ерекше назарын аудара бастады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин үшінші рет қайта билікті қолына алған соң алғашы шетелге сапарын Қазақстаннан бастауы да соның белгісі болса керек.

Уеслей Хил, Халықаралық салық және инвестиция орталығының бас менеджері:

Қытайдың Орталық Азия үшін және Орталық Азияның Қытай үшін қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Өңірге қарқынды түрде инвестиция сала бастады. Осылайша, бұл өңір – инвесторлардың, Қытай мен Америка секілді державалардың кеңірек бәсекелесуге тура келетін аймағы болмақ, бірақ олар геосаяси ортақ игілікті сақтауы керек.

Даниел Уит, сарапшы:

Орта Азия алпауыттар тартысының емес, шынайы бәсекенің орталығына айналуы тиіс. Қытай дүние жүзі бойынша белсенділік танытып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша алпыс миллиард доллар инвестиция салған. Жуан жетілек елдері де әрекетсіз емес. Дамушы елдерге қаржы құю қарқынын арттырып жатыр.

Мұндай бәсеке өңір елдері үшін де тиімді. Маңызды ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін ұтымды пайдаланып қалуы тиіс дейді сарапшылар. Бұл орайда, қазақстандық дипломаттар да қарап қалмады. Атом энергетикасы саласына қаржы салып, жаңа жасыл технология енгізуге шақырды.

Қайрат Омаров, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

Менің ойымша, сіздір елімізге ядролық энергетиканы қауіпсіз жолмен дамытуға көмектесе аласыздар. Өйткені кейінгі жылдары болған оқиғалардан соң бұл өте өзекті мәселеге айналды. Сондықтан біз оны өндірудің өте қауіпсіз әдісін іздейміз. Мәселен, шағын модульдік реакторларды қарап жатырмыз. Жер көлемі бойынша әлемдегі 9-шы мемлекет үшін мұндай реакторлар аса тиімді болар еді деп ойлаймын.

Ал батыс елдеріне өз атом станциялары үшін уран керек. Өйткені, Ресей импортына тәуелді болғысы келмейді. Мыс пен темір де аса қажет шикізат қатарында. Сондықтан да алпауыт мемлекеттер үшін Орталық Азия бұрынғыдан да маңызды аймаққа айнала түспек.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу