Қостанайда жұмыртқа өндіретін құс фабриканың бірі бағаны негізсіз көтерген деген күдікке ілінді
Қостанай облысындағы жұмыртқа өндіретін құс фабриканың бірі бағаны негізсіз көтерген деген күдікке ілінді. Келеңсіздік бәсекелестікті қорғау агенттігі жүргізген мониторинг кезінде анықтылған. Кәсіпорын қыркүйек – қазан айларында өзге бәсекелестері 35 теңгеден сатқан жұмыртқаның көтерме құнын 45-47 теңгеге бағалаған.
Осылайша облыстағы сұраныстың 50 пайызын өтеп отырған нарықтағы басымдығын пайдаланған болуы мүмкін. Құс фабрикасының бәсекелестік туралы заң талаптарына қаншалықты қайшы әрекет еткені тергеу барысында анықталады.
Дастан Сәмен, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
Заң бойынша тергеу үш ай жүргізіледі. Бір ескеретін жайт, біз соңғы инстанция емеспіз. Құқық бұзушылық табылған жағдайда материал сотқа жіберіледі. Егер бұзушылық анықталса, тапқан табысынан 5%-ы, таза табысы тәркіленеді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09