Түркістан облысында жұмыспен қамтуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Түркістан облысында азаматтарды жұмыспен қамту үшін бөлінген бюджет қаржысы талан- таражға түскен. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 50-ге жуық азамат шетелде немесе басқа қалаларда жүрген. Алайда жауаптылар оларды жұмыс істеді деп жалған құжат толтырып, жалақы төлеп келген. Мұндай заңбұзушылықтар Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш және Жетісай аудандарында тіркелген. Керісінше, жастар практикасымен және қоғамдық жұмысқа тартылған тұрғындарға белгісіз себептермен айлап жалақы төленбеген. Сондай ақ, мемлекеттен грант алған 52 кәсіпкер мүлдем жаңа жұмыс орындарын ашпаған.
Ермахан Әбжанов, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша құжаттар уәкілетті органға жолданған. Себебі, мемлекетке келтірілген шығынды анықтау керек. Келтірілген шығын анықталғаннан кейін, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі анықталатын болады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05