Елордада кәсіби шеберлердің VII республикалық чемпионаты басталды
Елордада кәсіби шеберлердің VII республикалық чемпионаты басталды. Байқауға барлық облыстан 500-ден астам маман келген. Қатысушылардың басым көпшілігі колледж студенттері. Олар кірпіш қалау, электроника, веб-технология сынды 30 бағыт бойынша бақ сынап, өз шеберлігін ортаға салады. Жас мамандардың жұмысын 500-ге жуық сарапшы бағалайды. Мақсат – жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру дейді ұйымдастырушылар. Сайыстың қорытындысы 11 желтоқсанда белгілі болады. Жүзден жүйрік шыққандар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Санжар Тәттібеков, «Talap» қоғамының вице-президенті :
Қоғамда кәсіптік-техникалық білім беруге, жұмысшы мамандығына, оның ішінде инженерлік сервистік мамандықтарға деген жастардың құлшынысын арттыру. Қазақстан Worldskills әлемдік чемпионаттарына қатысу арқылы, бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Өзінің кәсіптік білім деңгейінде болып жатқан жаңашылдықтарды, әлемде болып жатқан жаңашылдықтарды кәсіптік білім беру жүйесіне кіргіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады
21.08.2026, 12:34
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03