Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деуге ерте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деуге ерте

04.04.2017

Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деуге ерте. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында осындай пікір білдірді.

«Кейбір ақпарат құралдарында Сант-Петербургтегі терактіні орындаушы Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

3 сәуір күні жергілікті уақытпен 21:06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына алматылық Ирина Арышевадан телефон қоңырауы келіп түсті. Ол жарылыс туралы ақпараттан кейін Санкт-Петербург экономикалық университетінің 3-курсында оқитын ұлы, 1996 жылы туған Арышев Максимнің байланысқа шықпай қалғанын айтқан. Санкт-Петербургте Максим Арышев өзінің дос қызымен, әпкесімен және жездесімен бірге тұрады.

Туыстарының хабарлауынша, Максим соңғы рет 3 сәуір күні 14:30-да сабақтан шығып, «Сенная площадь» станциясынан Технологиялық институт арқылы үйге қайтып келе жатқанын хабарлаған», - деп жазды Әнуар Жайнақов.

 

Хабарламаларға жазылу