Атырауда 8 жасар бала екі жеткіншекті құтқарып қалды
Атырауда 8 жасар бала Жайыққа батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқаруға көмектесті. Оқиға демалыс күндері қаладағы Балықшы және Жұмыскер елді мекендерін жалғайтын көпірдің маңында болды. Қос жеткіншек өзендегі қатқан мұз үстіне шыққан.
Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Мұны байқаған 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай дереу көмекке келіп, екі жасөспірімнің бірін қолынан тартып құтқарып қалады.
Судан шыққан жасөспірімнің бірі екіншісіне жәрдемдеседі. Кейін ажалдан аман қалған екі баланың 14 және 9 жаста екені анықталған.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06