«Алтайдан Анадолыға»: Деректі фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтайдан Анадолыға»: Деректі фильмінің тұсаукесері өтті

01.12.2022

Елорда да «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған туындының дүниеге келуіне «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Отандастар қоры» мұрындық болып отыр. Ашық көрсетілімге тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты. Тибет, Үндістан мен Пәкістан арқылы өтіп, Түркиядан пана тапқан қандастар тағдыры, ұлт тарихындағы ең ұзақ саналатын қазақ көшінің тарихы баяндалады. Фильм авторы – Азат Рыстанбек. Шығармашылық топ түсірілім барысында қазақтар алғаш қоныстанған Стамбулдың Зейтінбұрны және Бағжылар ауданына, Ниде аймағындағы Алтай ауылына және Анкара, Измир, Салихлы қалаларында болды. Түрік жеріне алғаш қоныстанған қандастар және көш куәгерлерімен тілдесті. Деректі фильмнің телевизиялық нұсқасы «Qazaqstan» арнасынан Тәуелсіздік күні қарсаңында эфирге шығады.

Абзал Сапарбек, «Отандастар қорының» жетекшісі:
Жалпы бұл көште 18 жыл уақыт кеткен. Шамамен жиырма мың шақырым жол жүрген. Жиырма мыңға жуық қандастарымыз Алтайдан шыққан. Өкінішке орай олардың көбісі жолда қайтыс болған. Керемет әсерлі деректі фильм болды. Үлкен тарихи өнеге. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу