Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында салықтық әкімшілендіруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар қаралды. Жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ және Канада елшілері мен Қазақстандағы Америкалық Сауда палатасының атқарушы директоры, сондай-ақ ірі бизнестің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Премьер-министр өз сөзінде Үкімет мемлекеттің шектен тыс араласудан бас тартып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бәсекеге қабілетті нарықтық экономика құру бағытын жалғастыратынын атап өтті. Бұдан бөлек, ол бюджет-салық саясатын жетілдіру үшін 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы қабылдағанын, ал фискалдық саясатты қайта жаңарту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін жеткізді.
Азамат Нұғыманов