Бүгін G тобының ойындары басталды. Әуелі Швейцария мен Камерун құрамалары кездесті.
Бірінші таймда дәл осындай қауіпті сәттер болғанымен, алғашқы 45 минут тең аяқталды. Бір ғана фол орын алды. Командалар өте сақ ойнады. Монакалық мерген Эмболо екінші таймның 48-минутында Шакиридің берген пасын голға айналдырды.
Дегенмен шабуылшы гол соққанымен, бөркін аспанға атып, өзгелер секілді қуана қоймады. Тіпті кешірім сұрағандай қолын көкке көтерді. Оның себебі Швейцария сапында ойнағанымен Брель Эмболоның ұлты камерундық. Әрі қарай ойыншылардың орны ауысқанымен, таблодағы есеп өзгермеді. Швейцариялықтар екі сары қағаз алды. Ал камерундықтар көзге түсуге тырысып-ақ бақты. Дегенмен бақ шаппай, ойын 1:0 есебімен швейцариялықтардың пайдасына аяқталды.
Ерсін Ерік