Қазақстанда өткен сайлау - әлемдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда өткен сайлау - әлемдік БАҚ назарында

21.11.2022

Қазақстанда өткен президенттік сайлау жөнінде шетелде жүздеген ақпарат құралы хабар таратты. Олардың қатарында телекомпаниялар мен халықаралық агенттіктер, газеттер мен интернет басылымдар бар.

Ресейдің «Известиясы» дауыс беруге 12 миллиондай қазақстандықтың тіркелгенін және Мемлекет басшысының «Парламенті күшті президенттік жүйеге көшу ел дамуына оң ықпал етеді» деген мәлімдемесін жариялаған.

Ал Иранның «Мехрньюс» агенттігінің дерегінше, Тоқаев Астанадағы учаскелердің бірінде дауыс бергеннен кейін журналистердің болашақ Үкімет жайлы сұрақтарына жауап берді.

Қазақстандағы сайлау «Франс-24» телекомпаниясының да назарынан тыс қалған жоқ. Оның хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «халық сенімін ақтау үшін жаңа мандат алғысы келетінін» атап өтті.

Түріктің «Анадолы» агенттігі де сайлау жайлы мәлімет бере отырып, биыл Қазақстан конституциясына Президенттің екінші мерзімге қалуына тыйым салатын өзгеріс енгізілгенін еске салған.


Хабарламаларға жазылу