Бүгін Солтүстік Корея орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Солтүстік Корея орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран сынады

29.08.2017

Ол Жапонияның Хоккайдо аралының үстінен өткен. Ядролық бомба тасушы ракета 2700 шақырым ұшып, Тынық мұхиттың солтүстігіне құлады.

Бұл мемлекет биыл осымен 13-ші рет зымыран жіберіп отыр. Болжамдарға қарағанда, Пхеньян Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімі аяқталғанша, алыс қашықтыққа арналған ядролық ракета сынауға қауқарлы болады.

Бүгінгі сынақ та, әдеттегідей Токионы, Сеулді, Вашингтонды алаңдатты. Жапония мен оның одақтастарының өтініші бойынша жақын арада Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде төтенше мәжіліс өтеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу