Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған ракета ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған ракета ұшырды

12.07.2023

Солтүстік Корея алыс қашықтыққа арналған ракета ұшырды. Баллистикалық зымыран 74 минут бойы ұшқан. Кейін Корей түбегінен шығысқа қарай 550 шақырымда құлады. Мұны Жапония жағалау күзеті мәлімдеді.

Бұған дейін Пхеньян АҚШ-тың барлаушы ұшағы айрықша экономикалық аумаққа 8 мәрте енді деп айыптаған еді. Бұлай жалғаса берсе, Вашингтон үшін салдары ауыр болатынын ескертті. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу