Солтүстік Корея баллистикалық ракета ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея баллистикалық ракета ұшырды

17.11.2022

Таңертең Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырып, АҚШ-тың осы аймақтағы әрекеттеріне «қатаң әскери жауап» қайтаратынын ескертті. Жақында құрама штаттар мен Оңтүстік Корея Жапонияның ішінара қатысуымен жаттығулар өткізген. Сонымен қатар Пхеньян бүгін ракета сынарда, Вашингтонды бұндай «ойындарынан» бас тартуға шақырды. Алайда құрама штаттар бәрібір Солтүстік Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға бекініп отыр. Таяуда президент Джо Байден ескерткендей, АҚШ - Корея мен Жапония тәрізді одақтастарын қорғау үшін тіпті ядролық қару қолдануға әзір.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу