Қазақстан сырттан 345 млн еуро қарыз алады
Қазақстан сырттан 345 млн 700 мың еуро қарыз алады. Мұндай үлкен соманы Халықаралық қайта құру және даму банкі береді. Пайыздық мөлшерлемесі 2,5 проценттен аспайды. 11 жылда өтеу керек.
Қарыз алудағы мақсат – бюджет тапшылығын жабу. Қазір қазынаға 3 трлн теңгедей қажет. Оны ұлттық қордан өтеу ұтымсыз деп отыр Қаржы министрлігі. Қазір елдің жалпы ішкі өнімі 100 трлн теңге. Ал сыртқы қарыз осыған шаққанда 24 пайызға тең. Бұл АҚШ пен Еуропаның берешегіне қарағанда анағұрлым аз. Оларда 100 пайыздан асады. Сондықтан сенат бүгін заң жобасын мақұлдады.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бұның ішінде басым бөлігі 2 айдың ішінде 700 миллиондай қаржы әлеуметтік салаға, 457 млрд денсаулық, білім саласына, 340 миллиардтай қауіпсіздікке байланысты болып отыр.
Әсима Нұрбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25