Маңғыстауда биыл 11 инвестициялық жоба іске қосылды
Маңғыстауда биыл 11 инвестициялық жоба іске қосылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Соның бірі - бұрандалмалы сораптама өндіретін зауыт. Кәсіпорын жазда ашылды. Содан бері өңірдегі мұнай газ саласына 100 шақты сорғы мен оған қажетті бөлшектер өндірген.
Жалпы бұрандалмалы сораптама – барлық өнеркәсіпке қажетті өнім. Сондықтан жобаның екінші кезеңінде өндіріс көлемі арта түспек. Келесі жылы 1000-ға жуық сорғы шығару жоспарда. Сәйкесінше, сол кезде жаңа жұмыс орындары да ашылады. Ал қазір кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді. Айта кетейін, аталған зауыттың елімізде, тіпті Орталық Азияда теңдесі жоқ.
Нұр Дүйсен, оператор:
Осы жерде оператормын. Насосты тестілейміз. Жұмысымыз қиын емес, 5 күн жасаймыз, 2 күн демаламыз. Бізге жалпы жағдайдың бәрін жасалған. Осында бәрі бар. Бізді осы компанияның атынан ағылшын курстарына да жіберіп, оқып бастап жатырмыз.
Берік Жансат, зауыттың бас директоры:
Бұл зауытты дамытқанмен қатар, қосымша басқа да өндірістерді дамытуға ықтималмыз. Соның ішінде қазіргі таңда жүріп жатқан жоспарларымыз мына біздің бұрандалмалы сораптаманың роторларын хромдау процесін Қазақстанға әкелу.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08