Оралда керамикалық кірпіш зауытының құрылысы аяқталды
Оралда керамикалық кірпіш зауытының құрылысы аяқталды. Жаңа жобаның құны - 3 млрд теңге. Жылына 30 млн дана кірпіш шығарады. Қазір өндіріске қажет құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Жарық шамдары, электр жәшіктер, байланыс жүйелері де іске қосылуда. Зауытта 40 адам жұмыс істемек. Технологиялық желі толық автоматтандырылған.
Асылбек Есенғалиев, жұмысшы:
Бүгінгі таңда зауыт құрылысында электр желілері тартылып жатыр. Электр қозғалтқыштары қойылып, барлық өндірістік аппараттар, станоктар орын-орнына қойылып, қосылып жатыр.
Кәсіпорын келер жылы толық қуаттылығымен жұмысын бастайды. Шығарылатын өнім ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған.
Ришат Бареев, кәсіпорын директоры:
Керамикалық кірпіштің басқасынан басты айырмашылығы - бұл экологиялық таза өнім. Құрамында әк, құм жоқ. Тек саз бен су ғана бар. Сазды осы зауыттың маңындағы карьерден аламыз. Ол жерді мемлекеттен жалға алдық.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25