Оралда керамикалық кірпіш зауыты іске қосылды
Оралда керамикалық кірпіш зауытының құрылысы аяқталды. «УэстГруп» серіктестігі инвестиция салған жаңа жобаның құны - 3 млрд теңге. Жылына 30 млн дана кірпіш шығарады. Қазір өндіріске қажет құрал-жабдықтар орнатылып жатыр. Жарық шамдары, электр жәшіктер, байланыс жүйелері де іске қосылуда. Зауытта 40 адам жұмыс істемек. Технологиялық желі толық автоматтандырылған.
Асылбек Есенғалиев, жұмысшы:
Бүгінгі таңда зауыт құрылысында электр желілері тартылып жатыр. Электр қозғалтқыштары қойылып, барлық өндірістік аппараттар, станоктар орын-орнына қойылып, қосылып жатыр.
Кәсіпорын келер жылы толық қуаттылығымен жұмысын бастайды. Шығарылатын өнім ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған.
Ришат Бареев, кәсіпорын директоры:
Керамикалық кірпіштің басқасынан басты айырмашылығы - бұл экологиялық таза өнім. Құрамында әк, құм жоқ. Тек саз бен су ғана бар. Сазды осы зауыттың маңындағы карьерден аламыз. Ол жерді мемлекеттен жалға алдық.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02