АҚШ пен Қытай президенттері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай президенттері кездесті

15.11.2022

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден мемлекет басшысы ретінде алғаш рет Қытай Халықтық Республикасының төрағасы Си Цзинь-пинмен Индонезияның Бали аралында кездесті. Екі держава лидерлері бұл мемлекетке ертең басталатын «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысу үшін барып отыр.

Бірнеше сағатқа созылған келіссөздер барысында Байден өзекті халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтасу және өзара бәсекені жанжалға ұластырмау мәселелерін көтерді. Ал Си Цзиньпин АҚШ-Қытай қатынастарын дұрыс жолға қоюға үндеді. Сонымен қатар тараптар Тайвань проблемасын, Украинадағы қарулы қақтығысты және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын да талқылады.

Байден мен Си 2021 жылдың қаңтарынан бері бес рет телефон және видеобайланыс арқылы сөйлескен. Және де олар соңғы рет Обама әкімшілігі кезінде, яғни Байден вице-президент болып тұрғанда бірінші рет бетпе-бет кездесіпті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу