Astana Club 2021: АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Astana Club 2021: АҚШ пен Қытай арасындағы байланыс

16.11.2021

АҚШ пен Қытай президенттері байланысып, саммит өткізіп жатқан уақытта екі елдің қатынасы туралы халықаралық сарапшылар елордада пікірталас өткізді. Бұл туралы Астана клубының алтыншы отырысы кезінде айтылды. Сарапшылар пікірін білген әріптесім Ақерке Бектас та сонда. Жиыннан тікелей байланысқа қосылуға дайын.

Ақерке Бектас, тілші:
АҚШ–Қытай арасындағы сауда соғысы әлем елдерін айналып өтпейтіні белгілі. Жиында бас қосқан халықаралық сарапшыларды алаңдатқан мәселенің бірі - осы. Алайда «Қытай және жаһандануды зерттеу орталағының» президенті Ван Хуэйяоның пікірінше, екі ел арасындағы біраз жылға созылған текетірес аяқталуға жақын. Экономикалық байланыс тіпті тараптарды тығыз қарым-қатынас орнатуға алып келуі мүмкін дейді ол. Байден билігі тұсында арадағы мәселе толығымен шешілмесе де, жақсара түседі деген үміт барын жасырмады. Мәселен, оның айтуынша, Қытайдан 250 мың студент АҚШ-қа оқу үшін барған. Біз қазіргі саяси жағдайға қатысты Әлемдік экономика және саясат институты сарапшыларының пікірін білдік. Бірақ жиынға қатысушы өзге мамандардың сөзінше, Қытай Американы басып озу үшін жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Бұл Бейжің мен Вашингтонның арасын алшақтатып жіберуі мүмкін екенін жеткізді. Бүгінге жоспарланған бірнеше панельдік сессия аяқталды. Сарапшылар Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына да назар аударды. Олар түстен кейін де осы тақырыпқа қатысты пікірталас өткізеді. 


Хабарламаларға жазылу