Нұрлан Нығматулин Қытай Парламентінің вице-спикерімен кездесті

28.05.2018

Мәжіліс төрағасы  Нұрлан Нығматулин Қытай Парламентінің  вице-спикері Айлигенг Имингбахаймен кездесті. Тараптар қазақстандық-қытайлық ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын, соның ішінде парламентаралық ықпалдастық жайын талқылады. 

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бүгінде қос елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің салиқалы саясатының арқасында біздің елдеріміздің қатынасы стратегиялық деңгейге жетті.

Мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары аясында табысты дамуда.  

Өз кезегінде Айлигенг Имингбахай Қытайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен келуін асыға күтіп отырғанын және бұл сапарға Қытай елі айрықша маңыз беретінін айтты. Кездесу иелері бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы парламентаралық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу