Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті

02.11.2018

Бір-бірімен сауда соғысын жүргізіп жатқан АҚШ пен Қытай президенттері Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті. «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, сол әңгімеден кейін  Трамп Бейжіңмен сауда келісімін әзірлеуге тапсырма берген. Ол құжатқа екі держава лидерлері «Үлкен жиырмалық» елдерінің Аргентинада өтетін саммитінде қол қоймақ. Ал, Қытай Орталық телеарнасының хабарлауынша, Ақ үй басшысы Бейжіңмен қайта диалог орнатқысы келетінін айтқан. Си Цзиньпин болса, АҚШ президентін сауда дауларын реттеу жөнінде белсенді кеңесуге шақырды.

Айта кетсек, АҚШ пен Қытай биыл бір-бірінің ондаған миллиард долларлық тауарларына тариф жариялағаны белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу