Алматы мен Қонаев арасында электр пойызының қатынасы жанданды
Бүгіннен бастап Алматы мен Қонаев арасында электр пойызының қатынасы жанданды. Аталмыш қалаларды темір жол арқылы байланыстыруды Мемлекет басшысының өзі тапсырған еді. Электр пойызы жексенбіден басқа күндері жүреді.
Атап айтсақ, Қонаев қаласынан соң Жетіген, Қайрат, Байсерке, Жетісу және Медеу станцияларына тоқтап, Алматы вокзалына келеді. Мегаполистен қайтар бағытта да дәл осы маршрут қарастырылған. Жалпы, электр пойызының 2 вагоны бар, онымен күніне бір бағытта 200-дей адам тасымалданады деп күтілуде. Ал билеттің құны 450 теңге. Тұрғындар бұл өте тиімді баға деп отыр.
Сұлтан Табынбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қала маңына тасымалдау филиалының директоры:
Күніне бір рет Қонаевтан шығады. Таңертең 1 сағат 10 минутта Қонаевтан Алматы қаласына келеміз. Кешкілік Алматыдан Қонаевқа кешкі 19:00-де жүреміз. Осы екі вагондағы беріліп отырған орын сыйымдылығы жеткілікті деп ойлаймыз. Келешекте көре жатамыз.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25