Солтүстік Қазақстанда кеңсе қағазы өндіріле бастады
Солтүстік Қазақстанда кеңсе қағазы өндіріле бастады.
«Римказагро» серіктестігінің басты мақсаты – ішкі нарықты қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайту. Әзірге тәулігігіне А4 форматтағы 1500 қорап қағаз шығарылады. Болашақта өндіріс көлемі ұлғайтылмақ. Сонымен қатар фабрикада гигиеналық және санитарлық қағаздардың бірнеше түрі жасалады. Шикізат ретінде макулатура пайдаланылады. Өңдеудің бірнеше сатысынан өткеннен кейін ғана ол дайын өнімге айналады. Барлығы 20 түрлі тауар өндіріледі. Инвестиция құны 2,5 миллиард теңге. Өндіріс ошағында 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Дмитрий Шарапаев, кәсіпкер:
Жаңа, заманауи қондырғылар орнатылды. Біздің қағаздың бағасы импорттық өнімнен арзан. Бастапқыда өңірдегі ішкі сұранысты қамтамасыз етеміз. Біртіндеп Ресейге экспортқа шығамыз. Болашақта картон өндірісін қолға алу жоспарда бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25