Алматыда «Қазақстан» қонақ үйі өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақстан» қонақ үйі өртенді

26.05.2016
Алматыда «Қазақстан» қонақ үйі өртенді

Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт 6 қабаттағы нөмірлердің бірінен шыққан.

Бұл туралы хабарлама 8:03-те түскен. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, теледидар мен оның астындағы үстел өртенген.

Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Жалын 8:24-те ауыздықталып, өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу