Алматы «барахолкасының» маңындағы өрт: Шығын көлемі есептеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы «барахолкасының» маңындағы өрт: Шығын көлемі есептеліп жатыр

11.11.2022

Алматыда ірі көтерме сауда базарларының қоймасындағы өрт бойынша арнайы зерттеушілер тобы құрылды. Кәсіпкерлерге келген шығын есептеліп жатыр.

Ол үшін қойма иелері мен саудагерлерден түсініктеме алынды. Қызыл жалын түскі 11-лер шамасында тауарлар тұрған қоймаларда тұтанған. Қаладағы кептеліске қарамастан, өрт сөндіру қызметінің алғашқы бригадасы 8 минутта жетті.

Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр болатын қойма жанып, іргелес және көрші қоймалардағы тауарлар мен материалдар салынған контейнерлерге таралу қаупі болған. От 1 сағаттан аса уақытта толық сөндірілді.

Еркебұлан Серікұлы, саудагер:

Өртті өзіміз өшіріп бастап едік, өрт күшейіп кетті. Күшіміз жетпеді. Үлгермедік. Бұл қоймада затым бар, біздікі аман.
Арман Мәкенов, Жетісу ауданы ТЖБ бастығы:

Аталған аудан сумен аз қамтылған аудан болғандықтан, күрделі өртті сөндіруге автопойыз жұмылдырылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.
Жазира Оразқызы




Хабарламаларға жазылу